Жеке деректер

Нұрбекова Жанат Құнапияқызы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚПҒА академигі, ХАА академигі

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Бастаушы ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі, 1985-1990 жылдары Ресейдегі В.В.Куйбышев атындағы Томск мемлекеттік университеті, қолданбалы математика және кибернетика факультетінің студенті. 1994-1998 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде (қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аспирантурада оқыды, 1999 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты 13.00.02-оқыту мен тәрбиелеу теориясы және әдістемесі (информатика) мамандығы бойынша, 2001 жылы информатика, есептеу техникасы және басқару доценті ғылыми дәрежесін атағын алды.

2007 жылы программалауға іргелі және оза оқыту бағытында докторлық диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының докторы, 2010 жылы профессор ғылыми атағын алды және Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, 2011 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болды.

Ғылыми-педагогикалық қызметі

1990-1996 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, 1996-2011 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, институт директорының орынбасары, кафедра меңгерушісі, физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, 2008-2011 жылдары білім беруді ақпараттандыру орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2011 ж. қазіргі уақытқа дейін – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарады.

200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде 2 монография, авторлық бірлестікте: білім беру жүйесіне арналған 87 бағдарламалық өнімдер жасаған. Келесі аумақта үлкен тәжірибесі бар: республикалық, аймақтық және жоғары оқу орындарында мультисервистік порталдары мен сайттарын; жоғары оқу орындарындағы ақпараттық басқару жүйелерін жасау: Web- бағытталған ақпараттық жүйелер: «e-learning CDT» – кредиттік қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша электрондық оқытуды ұйымдастырудың ақпараттық жүйесі, «Тестілеу», «Антиплагиат»; цифрлық білім ресурстары және электрондық оқулықтар; виртуалды зертханалар және тренажерлер, білім беру роботехникасы, виртуальдық шындық пен толықтырылған шынайылықты білім беруде қолдану.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағытында ғылыми мектебі қалыптасқан профессор Ж.К.Нурбекова информатика, ақпараттық жүйелер, информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі, ақпараттандыру мамандықтары бойынша 1 PhD докторын, 7 ғылым кандидаттарын, 30-дан астам магистрлер дайындаған. Сондай-ақ, “Услуги по разработке дизайна, анимаций и компьютерного программирования интерактивных мультимедийных цифровых образовательных ресурсов” 052 бюджеттік бағдарлама аясында ғылыми жоба (2012 ж.), ғылыми-қолданбалы жоба “Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу” 2013-2014жж.

Марапаттаулар мен құрмет атақтар

Профессор Ж.К. Нұрбекова Наварр Республиалық университетінде (2010 ж, Испания) «Внедрение инновации в обучение» зерттеу тобындағы ғылыми қызметі жайлы сертификаты, «iOS Development Fast-Track», Plymouth University (2012 ж, Ұлыбритания) алған сертификаты бар. EMEA Academic Days IBM 2014: “Cognitive Systems for Smarter Business and Computing” (Милан, Италия, 2014) қатысушы болып табылады. Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік оқытушысы (2009, 2015). Ғылыми және оқу-тәрбиелеу жұмыстарындағы табыстары үшін бірнеше дүркін ЖОО ректорларының алғыс хаттарымен, ҚР БҒМ-нің Құрмет грамотасымен, С.Торайғыров атындағы Алтын медальмен (2010), Ы.Алтынсарин атындағы Төс белгісімен (2010) марапатталған. Павлодар облысында ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Қ.И.Сәтпаев атындағы сыйлықтың иегері. 2009 жылы жоғары оқу орындарының автоматты басқару жүйесі бойынша авторлық бірлестікте ең үздік өндірушісі болып танылып, IT AWARDS KAZAKHSTAN жеңімпазы болған. 2011 жылы электрондық оқу басылымдар сериясы үшін ҚР Тұңғыш Президенті қорының гранты берілген. 2013 жылы Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Инновационные информационно-педагогические технологии в системе ИТ-Образования-2013» конкурсының жеңімпазы атанған.